«Қазақстанның ғылымы мен өмірі» халықаралық ғылыми журналы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті (БССҚЕК) Төрағасының 2012 жылғы 10 шілдедегі №1082 және 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін бұйрығымен бекітілген заң, педагогика, филология және өнер ғылымдар мамандықтары бойынша Қазақстан және басқа елдер ғалымдарының ғылыми қызметінің негізгі нәтижелерін жариялау үшін ұсынатын басылымдар тізбесіне кіреді.
«Қазақстанның ғылымы мен өмірі» журналы 2009 жылдың ақпан айынан бастап шығарылады, тұрақты түрде және жазылым бойынша таратылады. Басылым Қазақстан Республикасында да, жақын және алыс шетелдерде де сұранысқа ие, бұған жетекші шетелдік авторлардың журнал беттерінде және жазылу географиясында кеңінен жарияланатын мақалалары дәлел бола алады. Журналдың басқа рецензияланатын және мерзімді басылымдардан ерекшелігі - мақалалар (сегіз тілде) қазақ, орыс, ағылшын, француз, қытай, неміс, чех және венгр тілдерінде жарияланады, редакциялық алқаның халықаралық құрамының мүшелері рецензиялайды.
Мемлекеттік тіркеу: № 9875-Ж.
Мемлекеттік қайта тіркеу: №17778-Ж
Халықаралық тіркеу: ISSN 2073-333Х, Париж, наурыз 2009; eISSN 2788-6875 Париж, мамыр 2021
Журнал белгілі қазақстандық ғалым, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері», заң ғылымдарының докторы, профессор Е.О. Алаухановтың ғылыми редакциясымен жарық көреді.
«Қазақстанның ғылымы мен өмірі» журналы әрбір мақалаға DOI (Digital Object Identifier) объектісінің цифрлық сәйкестендіргішін береді.
Редакциялық алқаға келіп түскен барлық мақалалар қос соқыр рецензиялау рәсімінен өтеді.
- Байқау жеңімпаздары
- Тарих пен ғылымдағы есім
- Білім және ғылым мәселелері
- Жас ғалымдар мінбері
- Мерейтой
- Іс-шара
- Пікірлер, жаңа кітаптар
- Шолулар