АҚШ-ТА ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА АЛҚАБИЛЕР ШЫҒАРҒАН ҮКІМДЕРДІ ҚАЙТА ҚАРАУ НЫСАНДАРЫ МЕН НЕГІЗДЕРІН САЛЫСТЫРМАЛЫ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАЛДАУ
##semicolon##
https://doi.org/10.52334/NZhK.2021.17.89.006##semicolon##
АҚШ және Қазақстан Республикасының сот жүйесі; АҚШ Жоғарғы Соты; Қазақстан Республикасындағы алқабилер институты; АҚШ және Қазақстан Республикасындағы үкімдерді қайта қарау нысандары; алқабилер соты; елеулі заң қателігі; іс жүргізу нормаларын бұзу.Аңдатпа
Ресми статистикаға сәйкес Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) сотталушылардың алқабилер сотына өз қызметінің басынан бастап қызығушылығы тұрақты жоғары деңгейде қалып отыр. Қазақстан Республикасы бойынша орташа есеппен жыл сайын алқа-
билердің қатысуымен қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта және қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотта қаралуға жататын қылмыстық істердің 10,6% - ға жуығы қаралады және олардың үлесі соңғы 4-5 жыл ішінде осы деңгейде қалады. Алқабилердің өздерінің сандық және сапалық көрсеткіштері бойынша қызметі тек қана қылмыстық іс жүргізу санаты емес, ол көбінесе қазіргі заманғы мемлекет пен қазіргі заманғы қоғамның өзара қарым-қатынасының көрсеткіші болып табылады. Сотталушылар мен олардың қорғаушыларының алқабиге жүгінуі - бұл қазақстандық соттарда істі қараудың әдеттегі тәсілі кезінде іс жүзінде жоқ болатын ақтау үкіміне деген үміт.