Рецензенттерге арналған нұсқаулық
1. Рецензия беру үшін тіркелу қажет:
1.1. Пайдаланушының деректерін толтыру:
- аты-жөнін толтыру;
- «ұйым» жолында жұмыс орнын жазу;
- ашылмалы тізімнен елді таңдау;
- e-mail толтыру (электрондық пошта мекенжайы);
- пайдаланушының аты (кіші латын әріптермен);
- құпия сөзді орнату және оны қайталау немесе кездейсоқ құпия сөз қалыптастыру.
1.2. Деректерді жинауға және сақтауға келісім беру, қосымша беттерге белгі қою:
- Ия, мен Құпиялылық туралы хабарламаға сәйкес деректерімді жинауға және сақтауға келісім беремін;
- Ия, мен жаңа жарияланымдар мен хабарландырулар туралы хабарлама алғым келеді (қажет болған жағдайда).
1.3. Ашылмалы тізімдегі пайдаланушы рөлдерін таңдау (Рецензиялаушы):
- Оқырман;
- Автор;
- Рецензензиялаушы.
1.4. Соңында «Тіркеу» батырмасын басу.
2. Жеке кабинетте «Жіберілген материалдар» қосымшасы пайда болады, онда «Менің істеріме» рецензиялауға тағайындалған мақалалардың белгілі бір тізімі ұсынылады. Әрі қарай, «Қарау» түймесін пайдаланып, рецензиялауды бастау керек:
2.1. «Сұрау салу» кезеңі:
- рецензиялауға келісім беру;
- «жалғастыру» түймесін басу.
2.2. «Нұсқаулық» кезеңі:
- ережелермен танысу;
- «жалғастыру» түймесін басу.
2.3. «Жүктеу және рецензиялау» кезеңі:
- материалмен танысу;
- рецензиялау нысанында барлық сұрақтарға жауап беру;
- рецензия соңында тиісті нұсқаны таңдау:
- жариялауға қабылдау
- пысықтауға жіберу
- қабылдамай тастау
- қажет болған жағдайда «рецензиялауды талқылауға» түсініктемелер қосу;
- редакциялау процесін аяқтау үшін ұсынымды таңдап, рецензияны жіберіңіз.
Рецензиялауға сұрау салынған мақалалардың келіп түскені туралы Сізге тіркеу кезінде көрсетілген электрондық пошта арқылы хабарланады.
Рецензияларды уақытында тапсыру және белгіленген талаптарды сақтау қажет.
Мақаланы рецензиялау үлгісі [Жүктеп алу]